· ProFinance Consulting

Жарияланым 2024 жылғы редакциясында сақталған. Жарияланған күннен кейінгі заңнама өзгерістері мәтінде ескерілмеген.
ҚР «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңы 2016 жылғы 26 шілдеде қабылданып, 2016 жылғы 10 қыркүйекте күшіне енді. Осы уақытқа дейін бұл заңға көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
ҚР «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуға, төлемдер мен аударымдар рәсімдерін жеңілдетуге ықпал етеді, қаржылық қызметтер нарығының тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Ол ел ішінде және одан тыс жерлерге ақша аудару операцияларын жүргізетін төлем ұйымдарына арналған қағидаларды белгілейді.
Осы заңның 12-бабының 1-тармағына сәйкес төлем ұйымдары жүзеге асыруға құқылы төлем қызметтерінің мынадай түрлері көзделген:
- банк шотын пайдалана отырып төлемдерді және/немесе ақша аударымдарын қабылдау және жүзеге асыру қызметтері;
- банк шоттарына, оның ішінде үшінші тұлғалардың шоттарына есепке жатқызу үшін қолма-қол ақша қабылдау қызметтері;
- ақша жөнелтушінің банк шотын ашпай төлем жасау үшін қолма-қол ақша қабылдау қызметтері;
- банк шотын ашпай ақша аудару қызметтері;
- электрондық ақшаны шығару және өтеу қызметтері;
- төлем карточкаларын шығару қызметтері;
- электрондық ақша мен төлем карточкаларын өткізу (тарату) қызметтері;
- электрондық ақшаны пайдаланып жасалатын төлемдерді қабылдау және өңдеу қызметтері;
- клиент электрондық нысанда бастамашылық еткен төлемдерді өңдеу және төлемді және (немесе) аударымды жүзеге асыру не осы төлемдер бойынша ақша қабылдау үшін қажетті ақпаратты банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға беру қызметтері.
Бұл заңның негізгі қағидаттары:
- төлем ұйымдарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткізу талаптары және төлем ұйымдарын реттеу;
- төлем жүйелеріне арналған стандарттарды белгілеу;
- сондай-ақ төлем қызметтерін пайдаланушылардың мүдделерін қорғау.
Бұл заңды қабылдаудың басты мақсаты — қаржы секторын дамытуға қолайлы жағдай жасап, төлем жүйелерін барлық пайдаланушыларға ыңғайлылық пен қауіпсіздік қамтамасыз ету.
Төлем ұйымдары ҚР ҰБ Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы «Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» №215 қаулысының талаптарына сәйкес міндетті түрде есептік тіркеуден өтіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тізілімінде тұруы тиіс.