· ProFinance Consulting

Жарияланым 2024 жылғы редакциясында сақталған. Жарияланған күннен кейінгі заңнама өзгерістері мәтінде ескерілмеген.
ҚР ҰБ Басқармасының «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым сақтауға міндетті пруденциялық нормативтерді және өзге де нормалар мен лимиттерді, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы» №192 қаулысы 2019 жылғы 14 қарашада қабылданып, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
Бұл қаулы микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен өзге де талаптарды белгілейді. Бұл нормативтер, нормалар мен лимиттер, сондай-ақ оларды есептеу әдістемелері Қазақстандағы микроқаржы ұйымдарының қызметін нормативтік реттеудің негізгі құралдары болып табылады. №192 қаулы микроқаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етуге, клиенттердің мүдделері мен сенімін қорғауға және микроқаржыландыру саласындағы тәуекелдерді төмендетуге арналған.
№192 қаулыда қамтылған пруденциялық нормативтер мен міндетті талаптарды сақтау арқылы микроқаржы ұйымдары өздерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, тәуекелдерді барынша азайтып, қызметін тиімді басқара алады. Бұл микроқаржыландыру секторының дамуына және халық пен шағын бизнеске көрсетілетін қызметтер сапасының артуына ықпал етеді.
Қаулының 2-тармағына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер мен өзге де нормалар және лимиттер құрамына мыналар кіреді:
- микроқаржы ұйымы үшін:
- жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері: 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 200 000 000 (екі жүз миллион) теңге;
- меншікті капиталдың ең төмен мөлшері;
- меншікті капиталдың жеткіліктілігі;
- бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
- левередж коэффициенті.
- кредиттік серіктестік үшін:
- жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері: 2022 жылғы 1 шілдеден бастап — 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін кредиттік серіктестік ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында немесе облыс орталығында қызметін жүзеге асыратын кредиттік серіктестік үшін 50 000 000 (елу миллион) теңге; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін кредиттік серіктестік ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан немесе облыс орталығынан тыс жерде қызметін жүзеге асыратын кредиттік серіктестік үшін 25 000 000 (жиырма бес миллион) теңге;
- меншікті капиталдың ең төмен мөлшері;
- левередж коэффициенті;
3) ломбард үшін — жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері 70 000 000 (жетпіс миллион) теңге, бұған 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін ломбард ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен ломбардтар кірмейді: олар үшін жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 50 000 000 (елу миллион) теңге.